Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 244 182 мақала бар.
Жұлдыз


Жұлдыз — массасы ерекше ауыр, өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасына тұрақты жарық шығаратын, плазмалық газ және плазма күйдегі аспан денесі. Жұлдыздарды арнаулы түрде Жұлдыз астрономиясы ғылымы зерттейді.
Астрономдар жұлдыздардың спектрін, жарық шамасын, кеңістіктегі қозғалысын өлшеу арқылы оның салмағын, жасын, құрамындағы металл мөлшерін және басқа да қасиеттерін таниды. Жұлдыздың жалпы сапасы оның өзгерісі мен кейінгі тағдырының маңызды көрсеткіші. Басқа қасиеттері, мысалы диаметрі, өз осьінде айналуы, қозғалысы мен температурасы қатарлылар оның тарихи өзгерісі барысында ұқсамайды. Жұлдыз температурасының жарық шамасына байланысты суреті әдетте "HR диаграммасы" деп аталады. Ол арқылы жұлдыздың жасы мен өзгеріс сатысы айқындалады.
Жұлдыздар ғарышқа біркелкі шашылған емес. Олардың көбі тартылыс күш әсерінде ұйысып екіден көп қос жұлдыздарға біріксе, тіпті неше миллиард жұлдыздар топтасып алып жұлдыздар шоғырыдарға айналады. Екі жұлдыздың орбитасы оларды жақындатқанда олардағы өзгеріс тездейді.
Биология


Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
| Ортаққор Ашық файлдар қоры |
Уикисөздік Ашық сөздікқор | ||||
| Уикидерек Ашық дерек базасы |
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры | ||||
| Уикидәйек Дәйексөз жинағы | |||||
| Уикиқайнар Ашық кітапхана |
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі | ||||
| Уикисабақ Білім қоры |
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы | ||||
| MetaWiki Жобаларды үйлестіру |
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама |
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Футболдан әлем біріншілігі • Ирандағы соғыс • Ауғанстан–Пәкістан соғысы • Газа соғысы • Судандағы азамат соғысы • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы)

- 22 маусым — Венесуэладағы жер сілкінуі себебінен 1450-ден астам адам қайтыс болды.
- 22 маусым — Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер (суретте) жуырдағы отставкасын жариялады.
- 11 маусым — Солтүстік Америкада Футболдан 2026 жылғы әлем біріншілігі басталды.
- 31 мамыр — Будапешттің Пушкаш стадионында франциялық Пари Сен-Жермен футбол клубы 2026 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының чемпионы атанды.
- 29 мамыр — ресейлік дрон НАТО мен Еуропа одағы мүше-мемлекетінің әуе шекарасын бұзып өтіп, Румыния аумағындағы көпқабатты үйге құлады.
- 23 мамыр — Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағын» режиссер Кристиан Мунджиудың «Фьорд» фильмі иеленді, ал Гран-при жүлдесі Андрей Звягинцевтің «Минотавр» туындысына бұйырды.
Білгенге маржан
- Еврей халқы бір бірімен Шалом алейхем деп амандасады, мағынасы «сізге тыныштық болсын»!
- Балаға ата-анасының гені 50/50% бірдей бөлініп беріледі. Бұл еркектер әйелдерден артық, еркектер әйелдерден бір саты жоғары тұру керек деген аңызды (миф) толықтай жоққа шығаруға жеткілікті. Бұл еркек пен әйелдің теңдігінің бір дәлелі.
- Адамда ДНҚ спиралдарынан тұратын барлығы 46 хромосома бар оның тең жартысы жыныстық мүшелерде сақталады.
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- 1939–1946 жылдары туғандара арасында Амангелді аты, ал 1945 жылы туғандар арасында Жеңіс аты ең көп қойылған.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
7 шілде
Мейрамдар
Конституция күні (Кайман аралдары), Республика күні (Солтүстік Осетия), Тәуелсіздік күні (Соломон аралдары)
Оқиғалар
- 1543 — француз әскері Люксембургке басып кірді
- 1668 — Исаак Ньютон ғылым магистрі дәрежесін алды
- 1881 — Ең алғашқы рет «Пиноккио» ертегісі басылымға шықты
- 1974 — Мюнхен қаласында футболдан әлем чемпионатының финалы өтті.
Дүниеге келгендер
- 1586 — Томас Хукер (en: Thomas Hooker) (1647), американдық демократияның негізін қалаушы
- 1698 — Пьер де Мопертюи (1759), француз математигі, физигі, саяхатшысы
- 1746 — Джузеппе Пиацци (1826), итальяндық астроном, Церера кіші ғаламшарды ашқан
- 1843 — Камилло Гольджи (1926), итальяндық физиолог, гистолог и патолог, физиология және медицинадан 1906 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1861 — Нетти Стивенс (en: Nettie Maria Stevens) (1912), американдық биолог және генетик.
- 1911 — Джан Менотти (итал. Gian Carlo Menotti), итальян текті американдық композитор, қазіргі заманның американдық операның негізін қалаушы.
- 1943 — Тото Кутуньо (шын аты Сальваторе), итальяндық әнші және композитор
Қайтыс болғандар
- 1647 — Томас Хукер (en: Thomas Hooker) (1586), американдық демократияның негізін қалаушы
- 1926 — Антонио Гауди, Испанияның ең әйгілі архитекторы
- 1930 — Артур Конан Дойль (1859), ағылшынның әйгілі жазушысы, Шерлока Холмс шығарманың авторы.
Шілде айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!












